Шымкенттегі А.Асқаров атындағы дендросаябақта серуен құрған жастар жауапқа тартылуы мүмкін. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қыметкерлері олардың жеке бастарын анықтап, полицияға жеткізді.
Ұсталғандар бұл әрекеттерін тойдың алдындағы дайындық барысымен түсіндірген, яғни арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген екен. Сондай-ақ, тойды карантин режимі аяқталғаннан кейін өткізуді жоспарлап жатқандарын жеткізіпті. Алайда бетпердесіз жүріп, карантин режимін бұғаны үшін полиция қызметкерлері ол азаматтармен профилактикалық сұхбат жүргізіп, олардан түсініктеме алды.
Енді бұл іске қатысты заңды шешім қабылдау үшін жинақталған әкімшілік іс құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жолданатын болады.
Мөлдір Бекеева