Шымкент қаласының іргесіндегі  Елтай  тұрғын алабындағы төтенше жағдайға байланысты штаб жұмыс істеуде.

Комиссия мүшелері қалалық басқарманың мамандары үйме -үй жүріп, тасқын су, көштің салдарынан зақымдалған үйлер, қоралар мен аулаларды  анықтауда. Ақау актісі  үй иелерінің қатысуымен  толтырылуда.

Ғалымжан Утенбаев, қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары: «Қазір тұрғын алабындағы Найзатас көшесіндегі үйлерді аралап, көшкін судан зақымдалған баспаналарды тіркеп жатырмыз. Елдімекендегі барлық үйлерде боламыз. Шығын есептеліп, кейін комиссиямен оларды өтеу бойынша шешім шығарылады».

Естеріңізге сала кетейік,  зақым келген тұрғын үй иелерінің жылжымайтын мүлікке   құқығын растайтын құжаттары  болуы тиіс.

Шынар Оразова