«Төтенше жағдай кезінде түрлі қызметтерге жұмылдырылған еріктелерлің еңбекақы мәселесі екі күнде толық шешіледі». Қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
Күні кеше жалақыларын ала алмаған жас жауынгерлер әкімдік ғимаратында шу көтерген болатын. Осы жағдайдан кейін бүгін қала мэрі әскери комиссариатқа арнайы барып, жауынгерді салтанатты шығарып салу рәсіміне қатысты.
Сарбаздарды алғыс хатпен марапаттап, карантин кезінде елеулі еңбек атқарған еріктілерге алғысын білдірді. Жалақы қарызына қатысты мәселенің мән-жайына қаныққан қала басшысы бұл түйіткілді шешіп беруге уәде етті.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Бүгіннен бастап жалақыны аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі күнде бұл мәселені толық шешіп береміз. Кінәлілер жауапқа тартылады. Бұл мақсатқа ақша бөлініп қойған».
Мақпал Рысбаева