23 мамырдан бастап еліміздегі бірқатар Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды.

23 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Семей қаласынан басқа өңірдегі ХҚКО-лардың бәрі жұмысын бастайды. 25 мамырдан бастап Алматыдағы ХҚКО-лар жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысындағы ХҚКО-лар жұмыс істеп тұр.

Шымкент қаласы мен Атырау облысында әкімдіктің шешімімен бизнеске байланысты қызмет түрін көрсететін ХҚКО ғана жұмыс істейді. Жамбыл облысында әзірге ХҚКО жұмыс істемейді. ХҚКО-ға бармас бұрын ол жерден тек электронды түрде алу мүмкін емес «қағаз» түріндегі, сондай-ақ egov.kz порталында электронды түрде рәсімделген қызметті алуға болатынын ескеру керек. Ол жерге бару үшін алдымен egov.kz порталы арқылы, eGovKzBot2.0 боты арқылы жазылып немесе 1414 нөміріне хабарласу қажет.