Дағдарыстың «салқыны» тиген жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру керек. Бұл мақстатқа 1 млрд. теңге бөлінеді. Экономикалық қиындыққа қарсы күрес шаралары пысықталған жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

Қаладағы шағын және орта бизнес өкілдеріне қазіргідей қиын-қыстау кезеңде көмек беру үшін олардың банктер алдындағы несиелерін қаржыландыру жолдары қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта шаһарда 700-ден астам бизнес жобаға жеңілдетілген несиелер ұсынылады. Жергілікті билік өкілдері түрлі бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге 15 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап қалуға ықпал етеді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «1 маусымға дейін барлық шараларды ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлерге 4 пайызды несие беруді ұйымдастыру керек. Кәсіпкерлік нысандарда жұмыс орындарын сақтау жолдарын да жүйелі жоспарлануы қажет».

Мақпал Рысбаева