Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың І тоқсаны бойынша табиғи монополия субъектілеріне тұтынушылардың өтініштері негізінде жалпы 5 жоспардан тыс тексеру тағайындаған.

Тағайындалған тексерулердің нәтижесі бойынша 3 әкімшілік іс қозғалып, 2 315 690,37 тенге әкімшілік айыппұл салынып, 2 129 183,53 тенге мемлекет пайдасына өндірілді. Негізсіз табылған 1 948 903,78 тенгені тұтынушыларға қайтару бойынша нұсқама шығарылды

Түскен өтініштер негізінде тексерулер барысында газ желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру кезінде мерзімдердің бұзылуы және сумен жабдықтау саласы бойынша төлемдерді қате есептеу деректері бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Субъект сумен жабдықтау қызметін көрсету кезінде белгіленген тәртіп пен Департаменттің бұйрығын бұза отырып басқа топтың тарифін тұтынушыларға есептеген, бұл тұтынушылардың құқықтарына қысым жасауға және жалпы сомасы 1 865 068,51 теңгеге артық есептелуге әкеп соққан. Жол берілген бұзушылық үшін Субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды және негізсіз алынған табысты қайтару туралы нұсқама шығарылды

Сондай-ақ, көп қабатты үйде тұратын тұрғындарға жалпы үйлік су есептеу аспабының айырмасын тең жағдайда есептемеу салдарынан тұтынушыларға негізсіз есептулер жүргізгені үшін Субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды және негізсіз алынған табысты қайтару туралы нұсқама шығарылды

Одан бөлек, тауарлық газды тасымалдаушы субъект желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтініштерін қарау кезінде тұтынушыларды заңнамада көзделген мерзімде хабарламаған. Субъект заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осыған ұқсас кемшіліктерді жібермеу туралы нұсқама шығарылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» № 229 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу тоқтатылған.

М.Серікбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің басшысы
М.М.Серикбаев