Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» қаулысымен белгіленген талаптардың орындалуын бақылау мақсатында Департамент және Түркістан қалалық ТКҚСҚБ басқарма мамандарынан арнайы 4 жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, «Қуаныш» ЖШС-не қарасты аралас сауда базарында «Азық-түлік базарлары жұмысының алгоритмі» талаптарының бұзылғаны анықталды.
Базар аумағына кіретін 2 қақпаның алдында кезекші күзетшілер бекітіліп, арнайы киім, маска, қолғап және тепловизормен қамтамасыз етілгенімен, жұмысшы топ мамандарының ескертуінен кейін ғана келушілердің дене қызуын өлшеп, маска кимеген адамдарға кіруге тыйым сала бастады. Сондай-ақ, маска киіп кіру, қол терісін антисептікпен өндеу, дене қызуын өлшету қажеттілігі туралы үндеу ескертпелері ілінбегені анықталды.

Базар аумағын және сауда павильондарын жуу және дезинфекциялау арнайы журналда 3 рет (сағат 09:00-10:00, 14:00-15:00, 17:00-18:00) жүргізіледі деп көрсетілген. Алайда жауапты қызметкер арнайы киіммен, респиратор және қолғаппен қамтамасыз етілмеген. Тазалық жұмыстары жүрмеген, қол жууға жағдай жасалмаған. Санитайзер орнатылғанымен, антисептиктік сұйықтық жоқ. Дайын дезинфекциялық ерітіндінің шығымы дұрыс жүргізілмеген. Бүгінгі күнге тек Әмір-2 сауда орны тарапынан ерітінді алынғаны көрсетілген. Ал, базарда барлығы 9 (киім-кешек-5,тағам өнімдері-4) жекелеген орындарында сауда жүргізіледі.

Қаулы талаптары сақталмаған жағдайда сауда орындарының жұмысы тоқтатылуы тиіс. Орын алған кемшіліктер бойынша қазіргі таңда Түркістан қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан қала әкімшілігіне арнайы хат жолданды.