Бүгін «Sanaly urpag» жобасы аясында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері» атты вебинар ұйымдастырылды.
Онлайн шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы республикалық «Sanaly urpag» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Тоқышев, Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков, Ақпараттық-ағартушылық Штабының өкілдері мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, Университет басшылығы мен оқытушылары қатысты.
Шара барысында Университет басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстармен, «Парасат» басқармасының, «Sanaly urpag» клубының, «Ізгілік елшісі» жобасының жұмысымен таныстырды.
Республикалық «Sanaly urpag» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев білім беру ұйымдарындағы адалдық пен парасаттылық, ашықтық принциптері туралы өз ойымен бөлісті.
Өз кезегінде Нариман Қасымбеков білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен хабардар етсе, Жани Қамбар академиялық адалдық жөнінде сөз қозғады.
Шара барысында Университет оқытушылары парасатты, адал қоғам қалыптастыруға барынша жәрдемдесуге шақырылды.