Шымкенттік құтқарушылар шомылу маусымына дайындалуда.

Ол қалада маусымның 1-не басталады, алайда қалалықтар кестеге қарамастан суға ертерек мамыр айында да шомыла бастайды. Жедел құтқару тобының қызметкерлері судағы төтенше жағдайлар бойынша жаттығу өткізді.

«Тоғыс» су қоймасының ортасында балықшылары бар қайық су астына кетті. Олардың біреуін судан шығаруға құтқарушылар мәжбүр болды. Дәл осындай сценарий бойынша шымкенттік құтқару тобының жаттығулары өтеді. Осылайша олар шомылу маусымына дайындалады.

Өзің суға кетпей суға батқан адамды құтқару үшін машықтық қажет. Ең дұрысы суға батып жатқан адамға арқан немесе құтқару шеңберін лақтыру керек.

Талғат Байсариев

«Мүмкіндікті пайдаланып, тұрғындардан тек белгіленген  жерлерде шомылуға шақырамыз. Ата-аналарға айтарымыз, балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар. Балық аулауға шыққанда барлық  қауіпсіздік шараларын сақтап, қайықты тексеріңіздер»,-дейді Шымкент қалалық ТЖД жедел-құтқару тобы жетекшісінің орынбасары Талғат Байсариев

Шымкентте құтқарушылар кезекшілік ететін -«Тоғыс» және «Бадам» су қоймалары бар. Қазіргі таңда олар карантинге жабылған, шомылуға да ауа райы салқын. Ал күн ысығанда адамдар су қоймаларына көптеп келеді,- дейді құтқарушылар.

Бадам мен Сайрам су  бұрын шымкенттік балалардың шомылатын сүйікті орындарының бірі болатын. Алайда соңғы жылдары ол жерге адамдар аз келеді.

Ерғали Бахаев

Ерғали Бахаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: «Соңғы жылдары  біздің департамент  әкімдікпен бірге аквасаябақтар, бассейндермен ақылы қызметті  қалтасы  көтермейтін  аз қамтылған отбасыларының балаларына тегін қызмет көрсету бойынша келісім түзген болатынбыз. Осыған байланысты өткен жылы аквасаябақтарда мыңнан астам бала тегін жүзіп шомылды».

Бүгінде құтқарушылар тұрғындар арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, су айдындарын балдырлардан, қоқыстан тазалап, шомылу маусымына дайындауда.

Былтыр Шымкентте бірде бір адам суға батқан жоқ. Қайғылы оқиғалар тіркелмеді. Қалалық құтқарушылар алдағы шомылу маусымды да оқыс оқиғасыз аяқтауды жоспарлауда. Ол үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шынар Оразова