ковид-19

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 31 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 539 адам анықталды.

Дереккөз: www.shymkent.gov.kz