Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау мақсатында іске қосылған Сommunal-komek.kz интернет платформасына 23 884 өтінім келіп түскен. Қазыр барлық азаматтардың өтінімдері тексеріліп жатыр.

15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы жұмыс істеп тұр.

Байланыс нөмірлері:

Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45

Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29

Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57

Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.

Айта кетсек, орталық тарапынан қазірге дейін 12 мыңнан астам азаматтың сұрақтарына жауап берілді.