Шымкент: Спорт мектептері жұмысын бастайды

345

 

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек:

— кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;

— температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;
— кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;
— адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында кемінде 1-1, 5 метр қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету;
— ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттан 50%-ға дейін бір мезгілде жиналатын келушілерге рұқсат етіледі және көрермендерді залдарға қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтау;

— аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

— санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау

— жұмыскерлер арасында жеке, өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

— қолғаптарды, маскаларды, респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

— әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;

— профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;

— жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде – тамақ ішетін бөлмеде ішу. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен оны күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін қол жууға арналған раковинасы бар үй-жай бөлуді қарастыру.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс жасайды.

Талаптар сақталмаған жағдайда, айыппұл салынып, нысан жабылады.