Шымкенттегі балабақшалар мамыр айының 25-нен бастап бастап жұмысын бастайды.
Бірақ, бірден ондаған баланы қабылдамауы мүмкін. Тек арнайы тізім бойынша, яғни ата-аналары жұмысбасты жандардың перзенттері үшін қызмет етпек. Бұл жөнінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Айтуынша, балабақшалардың бұл жүйемен жұмысқа кірісуі бүлдіршіндердің ғана емес,
олардың туыс-жақындарының саулығы үшін маңызды. Сондай-ақ, сақтық шаралары үшін арнайы тыйым талаптары бекітілмек.
Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Ббалалардың жұмыла ойнауы немесе ұзын-сонар кезекке тұруында тиісті ара-қашықтық сақталып, тәрбиешілердің санитарлық талаптарға бағынуы да қатаң қадағалауға алынады. Балабақшалар толығымен дезинфекцияланып, қолданыстағы құрал-жабдықтар да толығымен залалсыздандырылады».
Айта кетейік, бүгінде миллионды қала — Шымкентте барлығы 529 балабақша бар. Оның 81-сі ғана мемлекеттің меншігінге тиесілі екен. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда қазіргі уақытта 77 271 бала тәрбиеленуі тиіс.
Мөлдір Бекеева