Коммуналшылар гүлдеп біткен қызғалдақтардың тұқымын қазып алып, жинауда. Жұмысқа «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің 20 жұмысшысы жұмылдырылған. Қаланың негізгі көшелеріндегі қызғалдақтардың баданасы қазып алынғаннан кейін, сақталып қараша айында қайта жерге отырғызылады.
Мекемеде жұмыс істегеніне 6 жыл болған Жүрсін Ұятбаева «келер жылы ерте көктемде ұрықтан өніп шыққан әсем қызғалдақтар қаланың көркін ашады. Жұмысымды мақтан етемін. Еңбегімнің арқасында жемісін көріп жатырмын»,-дейді.
Шынар Оразова