Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 2 науқас емлеліп, ауруханадан шығарылды.

Дертінен айыққандар 1973 жылғы және 2010 жылғы бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда, әкесі мен баласы. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін айтады. Науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 4 мамыр күні әкесі мен баласы ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 51 науқас дертінен айығып шықты.