Қалада карантин режимі жалғасуда. Осыған байланысты қаланың кіре беріс тұстарында 18 блок-бекеттің жұмысы тоқтаған жоқ. Жоспар бойынша олардың жұмысы 25-ші мамырға дейін жалғасады. Түркістан бағытындағы бекеттен күніне таңертеңнен түске дейін шамамен 800-ге жуық көлік, 250-ден астам азамат жаяу жүріп өтеді екен. Қиындықтар жоқ, екі тарап та түсіністік танытуда дейді бекеттен өтушілер.

Шоқан, Шымкент қаласының тұрғыны: «Ордабасы ауданында ана жолы дауыл болып, ауылдағы үй, сарайларымызға зақым келтірілген. Соны жөндеуге барып келем. Өзім Шымкентте тұрамын. Блок-бекеттерден өтуде проблема жоқ. Түсіністік танытуда».

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерге медицина қызметкерлері, полицейлермен қатар әскерилер де жұмылдырылған болатын. Бүгінде сарбаздар бөлімшелеріне қайтарылды.

Шынар Оразова