25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 606 азамат тіркеліп, 218 науқас емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін пандемиядан 6 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады. Бір тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады.

Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і жергілікті жерден шыққан.

«COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар, 88% (532) ересек азаматтар.

Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл, 11-і-жағдайы ауыр, орташа жағдайда 75 адам.

Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі бақылауда.
Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.