27-28 мамырда Шымкентте жауын болмайды.
Түркістан облысы бойынша Отырар ауданы мен Арыста ауа температурасы 40 градусқа дейін ысиды.
«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының инженер -синоптигі Арайлым Тұрғынованың мәліметіне жүгінсек, Төлеби ауданындағы Тасарық, Шуылдақ елдімекендерінде өңіріміз бойынша салқын ауа райы сақталады, ауа температурасы аталған ауылдарда күндіз 23-25 градус жылылықты көрсетсе, түнде сынап бағанасы +13 +15 градус.
Шынар Оразова