Қала аумағындағы Түркістан көшесіндегі жолдар жөндеуден өтуде.

Орта жөндеу жұмыстары барысында 2 шақырымға жуық аралықта жол кеңейтіліп, жиегінде жаңа технология бойынша ирригациялық жүйе орнатылуда. Көлік көп қатынайтын көшедегі құрылысты мердігер ағымдағы жылдың соңына дейін бітірмек.

Мердігер компанияның техникасы Түркістан көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолындағы жоғарғы қабатты алып тастап, көлікке тиеуде. Жолдың жиегі кеңейтіліп, бордюрлар орнатылуда. Мұнда веложол да қарастырылған. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолына төселінетін құрылыс материалдары жеткізіліп қойған.

«Жолдың ені 14,7 метр болатын, екі жағынан  1,4 кеңейеді. Жауынның суы жиналатын құбыр орнаттық «ливневая канализация» ағын су сонымен  үлкен канал- арықтарға құйылады, -дейді мердігер мекеменің өкілі  Саин Бекаманов.

Биыл ақпанда бастауын алған құрылыс барысында Түркістан көшесінің А. Байтұрсынов пен Адырбеков көшелері аралығындағы 2 шақырымға дейінгі жолы орта жөндеуден өтеді. Құрылысқа кедергі болған су жүйесі және қызыл сызыққа өтіп кеткен нысандарды көшіру бойынша мәселе қала әкімдігімен тез арада шешілуде. Тапсырыс беруші қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы.

Нысанәлі Нұрымбетов, қала тұрғыны: «Қаланың ішінде жолдарды жөндеп жатыр, жақсы. Бірақ жолдардың бір бір жағын жауып, қолайсыздықтар орын алуда. Мына Түркістан көшесінде көше 3 метрге кеңейеді дейді. Тағы құбырлар орнатыпты енді су да жиналмайды, кептеліс те болмайды».

Қалалық маңызға ие магистралды жолдың жобалық сметалық құны 600 млн. теңге. Құжатқа сәйкес орта жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңында аяқтау көзделіп отыр.

Шынар Оразова