Бүгін, шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында «Нексия» және «Лада-Vesta» маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты .

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нексия» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta»көлігінің 1 жолаушысы қаза тапты.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.