Түркістан облысының оңтүстік аумақтарында қатты жауын-шашын күтілуде

238

Синоптиктер  5-ші  мамырда Шымкентте таңертең, күндіз жаңбыр болатынын хабарлайды.   Ауа температурасы  күндіз +20+22  градус, түнде сынап бағанасы 13-15 градус жылылықты көрсетеді.Сейсенбі, сәрсенбі күндері  Түркістан облысының оңтүстік аумағында Мақтаарал, Жетісай аудандарында күндіз қатты  жауын  күтілуде.

Ауа температурасы 20-25 градус 0-ден жоғары, түнде сынап бағанасы +13+18 градус. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды, мекеме, ұйымдардың басшыларын  қауіпсіздік шараларды қатаң сақтауға шақырады.

Шынар Оразова