13.05. 19.14 уақытында Еңбекші ауданының, Елтай е/м қатты жауын-шашын салдарынан арықтың тасуы орын алды (су Түркістан облысы, Төлеби ауданынан келуде).
Қазіргі таңда, су Елтай е/м-не келіп жетті. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық нысан қирады. ТЖД күштерімен су сору жұмыстары жүргізілуде, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшетірмен арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізілуде және 60 тұрғын үйдің тұрғындарын (ЭЖП-не 150 тұрғын эвакуацияланды, 150-ге жуық тұрғын туысқандарына эвакуацияланды) Тоғыс е/м-де орналасқан №120 орта мектебінің және №119 орта мектептерде ұйымдастырылған ЭЖП-леріне (эвакуациялық жиналу пунктері) эвакуациялануда.
Қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. (Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құрайды) .Қазіргі уақытта, судың келу деңгейі 3-5 м.куб.
ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылды.
ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды: ТЖД (57 қызметкер және 14 дана техника, 14 дана МП-100).
Қосымша: «Тоғыс» су қоймасы бойынша ақпарат. (Жобалық сыйымдылығы 4,6 млн. текше метр. 1964 жылы қолданысқа енгізілген.) 2020 жылғы 13 мамырға судың көлемі 2 млн. текше метрді құрайды.