Түркістан әкімдігі мен Өзбекстан өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

151

 

Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ортақ Меморандум Қазақстан мен Өзбекстан арасында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизміне айналмақ. Осылайша, екі тарап тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, екіжақты инвестициялар мен технологияларды беру көлемін ұлғайтуға негіз болмақ.

«Түркістанды біз тек Қазақстанның емес, түркі әлемінің мәдени орталығы ету үшін 3 бағытта дамытудамыз. Рухани-мәдени орталық — біздің тарихымыз бен салт-дәстүрімізден сыр шертетін аумақ болады. Мұнда туристік орындар, этноауыл, ботаникалық бақ, кітапхана, театрлар салынса, әкімшілік-іскерлік орталықта біз отырған облыс әкімдігі алғашқы нысан ретінде пайдалануға берілді. Одан бөлек басқармалар, конгресс-холлдар салынады. Жалпы, әрбір инвестициялық жобаны қолдауға дайынбыз. Осыған сіздерді де үлес қосуға шақырамын», — деді Өмірзақ Естайұлы кездесу барысында.

Осы мақсатта компания Түркістан облысының құрылыс алаңына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. Әкімдік өз құзіреті шегінде бастамаларын қолдау және оны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Туркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев пен Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» атынан Министрдің бірінші орынбасары Ш. Хидаятов қол қойған меморандум өңірді дамытуға үлес қосады деп күтілуде.