Толассыз жауған жаңбырдан қаланың іргесіндегі Елтай тұрғын алабында арықтар арнасынан тасып, аулаларды су басты.

Қатты екпінмен аққан су әсіресе сайдағы үйлердің тұрғындарын әбігерге салды. Бабашевтардың отбасы сумен кешеден бері алысуда. Жоғарыдан аққан судың екпіні соншалықты күшті болғаны қырдағы тасты арықпен көше, аулаларға толтырған. Мүзірхан аға су көшкіні осыған дейін де болатын,Кеше кешкісін 6-мен аралығында жұмыстан келсем су деген 2 сағатта мынандай жағдайға тап болдық- дейді.

Ауыл тұрғындарына көмекке алғашқылардың бірі болып төтеншеліктер жеткен. Олар су ағынымен келген учаскелерді қырдан сумен бірге ағып келген тастардан тазартуда.
Тұрғындар дәл осындай жағдай төртінші рет болуда. Алдын 1968 жылы болған еді топан су келіп. Бұл табиғаттың құбылысы.Ең бастысы бас амандығы деп шүкіршілік танытуда.

Төтенше жағдай орын алған бойда түнде адамдар Маятас ауылындағы № 119 мектепке эвакуацияланған. Алайда баспаналарына уайымдаған елтайлықтар таңертеңнен үйлеріне келіп алған. Не болса да ел қатарлы көреміз дейді.

«Кеше  кешкі 19:00-де басталды ғой. ТЖД-хабарластық жағдайымызды сұрап. Түнде мектепке апарды, сонда болдық. Таңертең су алып кетеді ме деп келдік қайтеміз енді» дейді Батпа Қалтаева.

Пәсте орналасқан үйлердегі ауладан шыға алмаған тұрғындарды төтеншеліктер шығаруда. Жоғарыда тұратын үйлерге де су жетіпті.

Үрзат Керімқұлова, Елтай аулының түрғыны: «Үйдің бәрі су алып жатыр. Құлайын деп жатыр. Төбедегі бөгетті ашпайды ма? Су  Тоғыстағы су қоймасына кетсе, ауылға су келмес еді».
Қыр жақтан аққан судың ағыны жауын шашыннан күшейіп, арықтар арнасынан шығып жайылып, аулаларды су басуын тоқтатпады. Найзағай көшесінің ең қауіпті деген учаскелерінде арнайы техника ағынмен келген тастарды, лайды жинап үй қоршауларының алдына бөгет жасауда. Алайда судың екпіні оларды шайып кетуде. Мына сайдағы үйге қауіп жоғары болғандықтан, баспанадағы бар мүлік қауіпсіз жерге шығарылуда.

Жергілікті билік құтқарушылармен бірге тұрғындарды түні бойы қауіпсіз жерге орналастырды. Қазіргі таңда ондағы суды сору жұмыстары жалғасып жатыр. Шымкент әкімі су астында қалған Елтайға барып, ондағы жұмыстарды көзбен көрді. Жауаптыларға мықтап тапсырма беріп, ескертулер де жасады: «Неліктен жағдай орын алғанда маған айтасыздар. Сіздер неге алдын алмадыңыздар. Әскери емессіз бе? Каналды ашыңдар деп едім ғой, оған да құлақ аспадыңыздар».

Жауаптылардың айтуынша, тасқыннан келген шығынның көлемі анықталады. Қазіргі мәлімет бойынша, 24 үйді с у астында қалды. Қазір ең бастысы су басқан аулаларға сорғыштарды орнатып, суды арықтарға жіберу. Қырдан ағып келген тастарды жинап тазалау. Адамдардың қауіпсіздігін қамту.

Шынар Оразова