ХҚКО-ның бірыңғай терезесі

Шымкенттіктер ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам дайын құжатын алды. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген. Маңызды ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алтынай Татаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ресми өкілі: «26-наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытща тоқтатылған болатын. Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт».

Төтенше жағдай кезеңінде ХҚО және мамандандырылған ХҚО электрондық үкімет порталы – egov.kz арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істеп келеді.

«Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша, Мәделі Қожа көшесі 1Г, мекенжайында орналасқан №1 ХҚО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал, автокөлік иелері дайын құжат бойынша «Достық» шағынауданында орналасқан мамандандырылған ХҚО-на жүгіне алады», – дейді Алтынай Татаева.

Айта өтетін ақпарат, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады екен.

Мөлдір Бекеева