COVID-19 дертінің өсу деңгейі жеті күн ішінде 7%-дан аспаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысын бастайды.
ҚР Білім және ғылым минитрлігі жұмыс алгоритмін әзірлеп, аймақтық білім басқармаларына жіберді. Мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын бастау туралы шешімді жергілікті білім басқармалары және білім бөлімдері өздері қабылдайды.
Балалар мен қызметкерлерге қауіпсіз жағдайды жасауға, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға басшысы жауапты.
Балабақшаларға бірінші кезекте ата-аналары жұмысқа баратын және үйде жалғыз қала алмайтын балалар қабылданады. Содан кейін ата-аналардың қалауы бойынша келетін балаларды қабылдайды.