Шымкент тқаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары Мақтаарал ауданында орын алған су басуға байланысты ававриялық-құтқару жұмыстарын алғашқы күннен бастап-ақ кіріскендердің бірі.

Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары Мақтааралдағы Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарында іздестіру-құтқару, тұрғындардың мүліктер мен мал-жандарын шығару жұмыстарын белсенді атқарып келуде. Солардың ішінде Берік Төлегенов те бар. Ол Тоғыс құтқару стансасында 5 жыл құтқарушы болып қызмет етуде.

Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында Берік шәуілдеп көмек сұраған итті қайығына мінгізіп, ажалдан аман алып шыққан. Берік Төлегенов қазіргі уақытта су басқан Фирдауси ауылын ірі қара және ұсақ малдардың өлекселерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда. Күнделікті атқаратын құтқару жұмыстарын өз кәсібі міндеті деп санайтын Беріктің осы әрекетіне танымал «Discovery Channel» телеарнасының ресейлік журналисттері де қызығушылық танытып, «Мир животных» бағдарламасына сюжет түсірген.

Ал, Беріктің құтқарған итті құшақтап түскен суретін әлеуметтік желіде танымал еткен фотограф Мақсат Шағырбай. Шымкенттік құтқарушылардың күнделікті атқаратын жұмыстарын көрсетіп, оқырмандарға таныстырған Мақсатқа алғысымыз шексіз. Шымкенттік құтқарушылар қайсысы болса да, қашанда жымия күліп, жақсылық жасауға дайын екенін мақтан етеміз.