Қала күніне орай 90 шымкенттікке пәтер кілті табысталады

215

Қоныс тойын тойлайтындардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар бар. Бұдан өзге Ұлы Отан соғысының ардагері 95 жастағы  Халил Ергешовке де пәтер кілті тапсырылады.


Шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алған. «Шымкент сити» қалашығында көпқабатты зәулім үйлер бой көтеруде. Құрылыс талабына сай заманауи үлгідегі баспаналар жақында пайдалануға беріледі. Қала мерекесіне орай Бәйдібек даңғылы бойындағы мына көпқабатты үйлердің өз иелері болады.
Мұрат Нұрәшімов, мердігер мекеме басшысының орынбасары: «2018 жылы желтоқсанда құрылысын бастағанбыз, аяқтауға жақынбыз. Сегіз үйдің құрылысын жүргіздік. Екеуін қазір тапсырсақ, 6 ендігі кезекте пайдалануға тапсырылады».

Шымкент қаласында баспана кезегінде 39 259 азамат тұр. Олардың 5 239-ы көпбалалы отбасы санатына жататындар, 12 мыңнан астамы әлеуметтік жағынан әлсіз топтағылар, 1643-і жетім балалар, 19 мыңға жуығы мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік салада жұмыс істейтіндер және әскерилер. 19 маусым — қала күніне орай 90 азаматқа пәтер кілті табыс етілмек.

Жұлдыз Ордабекова,  қалалық тұрғын және тұрғын инспекциясы басшысының орынбасары: «Олардың  арасында  65-і   көпбалалы отбасы, 24  азамат әлеуметтік жағынан әлсіз топтан, 1 азамат ҰОС ардагеріне Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында  пәтер кілтін табыс етпекпіз».

Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық жобалар аясында Водопьянов көшесі , «Шығыс» ,»Тұран» шағынаудандары мен » Шымкент сити» қалашығында салынып жатқан тұрғын үйлердегі пәтерлер үлестірілмек.

Шынар Оразова