Қаладағы тозығы жеткен жылу жүйелері жаңалануда

106

Шымкентте алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқын алды.

Биыл жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуіне және құбырларды оқшаулауға, жалпы 45 шақырымдағы жұмыстарға бюджеттен 3,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. «ҚуатЖылуорталық-3» мекемесінің басшылығы шаһардағы тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалауға алғаш рет қомақты қаржы бөлінуде дейді.

Мердігер мекеменің жұмысшылары мен техникасы Адырбеков көшесіндегі бір жарым шақырым жер астындағы жылу жүйелерін жаңалауда. Құрылысшылардың жөндеу жұмыстарына кіріскеніне бір жеті болыпты.

Темірхан Сауытбеков

«Ескірген құбырлар жаңаға алмастырылғаннан кейін бұл учаскеде ақаулар орын алмайды»,- дейді Темірхан Сауытбеков.

Алдын ала жасалған тапсырыс бойынша тікелей Алматыдан жеткізілген мына диаметрі 820- лық құбырлар қосымша қаптауды қажет етпейді. Жаңа құбырлар Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесі қиылысынан бастап жалғануда. Жөндеу жұмыстары осы айдың 20 — сына аяқталуы тиіс.
Әбдібақыт Құралбаев, мердігер мекеменің өкілі:  «Тозығы жеткен құбырлар өткен ғасырдың 70-шы жылдардан бері пайдаланылып келеді. Енді мына құбырды қоямыз олардың датчигі бар

Өткен жылу беру маусымдарында жылу жүйесіне су қысыммен беріле бастағанда Адырбеков көшесіндегі жер астындағы жүйелер сыр беріп жиі жөндеу жұмыстары жүргізілетін. Енді ондай келеңсіздіктерге жол берілмейді деп сендіреді жылуберушілер.

Өйткені қаладағы тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалауға биыл бюджеттен 3 жарым млрд қаржы бөлінген. Қомақты қаражатты сала мамандары қазан айына дейін игеруі тиіс.

Шынар Оразова