«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

284

Түркістан облысы полицейлері «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 13 келіден астам есірткі тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 1 маусымы мен 31 қазан күндері аралығында облыс аумағында «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қатысты құқықбұзушылық жайттары мен қылмыстардың алдын алуда, тиісті органдар мен ведомстволар өзара бірлесе отырып күресу арқылы, есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын-алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою болып табылады.
«Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудан, қалалық ПБ/бөлімдерімен бірлесіп «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігіндеесірткінің заңсыз айналымына байланысты 8құқықбұзушылық деректерінанықтаптіркеді. Оның ішінде 2жайт /аса ірі көлеміндегі есірткі сақтау/, 4 жайт /есірткі өсімдігін заңсыз егу/және 2 жайтқылмыстық теріс қылықтары бойынша тіркелді. Осы аралықта заңсыз айналымнан 13 келіден астам есірткі заттары тәркіленді» – дейді ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлыбек Әлібекұлы. Мысалы, 1 маусым күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Келес ауданында есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде құрамында көкнәр тұзына ұқсас өсімдік тектес есірткі заты бар бірнеше қапты тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған есірткі заты жалпы салмағы 12,5 кг болатын кептірілген көкнәр сабаны екені анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен «өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз қолдану»бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын, ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.