109 мыңнан астам халқы бар Қазығұрт ауданындағы 64 елді-мекеннің инфрақұрылымы кезеңімен жетілдірілуде.

Аудан аумағындағы 51 елді-мекен ауыз сумен қамтылып, 47 елді-мекен газдандырылған. Айта кететін жәйт, Қазығұрт ауданында  13 ауылдық округі бар.«Қазіргі таңда  Шанақ ауылдық оругіне қарасты 9 елді-мекенді газбен қамту мақсатында тиісті құжаттар әзірленуде», дейді аудан әкімдігіндегі  сала мамандары.

Аудан орталығындағы көше жолдары кестеге сәйкес тегістелуде. Сонымен қатар, Шарапхана ауылындағы көше жолдарын  орта жөндеуден өткізу қолға алынған. Қызылқия ауылында да көше жолдары тегістеледі.

Шынар Оразова