Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 20 маусымнан бастап барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жұмыс күндері таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта жүреді. Ал демалыс күндері қоғамдық көлік қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктегі маска тағу режимін бақылау мақсатында жолаушылар автобустарға алдыңғы есікпен ғана кіргізіліп, артқы есікпен түсіріледі.