Қоныс тойын тойлайтындардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар бар. Бұдан өзге Ұлы Отан соғысының ардагері 95 жастағы Халил Ергешовке де пәтер кілті тапсырылады.
Шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алған. «Шымкент сити» қалашығында көпқабатты зәулім үйлер бой көтеруде. Құрылыс талабына сай заманауи үлгідегі баспаналар жақында пайдалануға беріледі. Қала мерекесіне орай Бәйдібек даңғылы бойындағы мына көпқабатты үйлердің өз иелері болады.
Жұлдыз Ордабекова, қалалық тұрғын және тұрғын инспекциясы басшысының орынбасары: «Олардың арасында 65-і көпбалалы отбасы, 24 азамат әлеуметтік жағынан әлсіз топтан, 1 азамат ҰОС ардагеріне Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында пәтер кілтін табыс етпекпіз».
Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық жобалар аясында Водопьянов көшесі , «Шығыс» ,»Тұран» шағынаудандары мен » Шымкент сити» қалашығында салынып жатқан тұрғын үйлердегі пәтерлер үлестірілмек.
Шынар Оразова