Қазығүрт ауданында 354 азамат қайтарымсыз грант алған

441

Ауылдағы ағайынды жұмыспен қамту бағытында Қазығұрт ауданында жоспар түзілген. Жастар практикасы бойынша жылдың соңына дейін 340 маман жұмысқа орналастырылуы тиіс болса, қоғамдық жұмысқа ауылдық округтегі халықтың саны ескеріліп, азаматтарға жолдама берілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында өз кәсібін ашамын деген азаматтарға жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілуде.

Қазығұрт ауданының тұрғыны Бекзат Жұмабаевтың мал шаруашылығымен айналысқанына биыл 1 жыл. Жас кәсіпкер «жылқы өсіру мен үшін таңсық емес, әулетімізде бұл кәсіпті жолға қойған. Шөбі құнарлы жайылым жер, күтім жақсы болса жылқылар тез көбейеді»дейді Бекзат.

Бекзат Жұмабаев

Бекзат Жұмабаев, Қазығұрт ауданының кәсіпкері: «2019 жылы 3, 5 млн, теңге несие алып, 10 бас мал алдық. Кәсібімізді аздап дөңгелетіп жатырмыз. Қайтарымсыз грант  256 мың теңге  алып, шөп турайтын құрылғы алдық. Келер жылы бордақылаумен айналысып, бие сүтінен қымыз жасауды жоспарлап  қойдық».

Бордақылау оңай шаруа емес, жылқыға құнарлы жем керек деген жас кәсіпкер шөптің де қорын жасауда. Ынталы ауылынан қысымдалып жиналған шөптің бумасын 450 теңгеден сатып алыпты. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында елімізде енгізілген төтенше жағдай шараларының шағын және орта бизнестің дамуына кері әсері байқалған.
Мақсұт Алпысов, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы: «Былтыр 354 адам қайтарымсыз несие алған. Оның 13-і 11 АЕК бойынша, 268 адамға 385 млн. теңге берілді. Биыл карантинге байланысты ауданда небәрі 11 азамат шағын несие алған. Оның көлемі 23 млн. теңге».

Маусымның 10-нан бастап ауданда грант алуға оқу басталды. 21 күндің оқу  курстарында кәсібін жүргізу бойынша сауатын ашқан азаматтарға сертификат табыс етіледі. 2020 жылға түзілген жоспар бойынша 161 адамға мемлекетттік қайтарымсыз грант, 90 азаматқа шағын несие беру көзделуде.

Шынар Оразова