Қазығұрт ауданы орталығындағы саябақта құрылыс қызу жүргізілуде.
Жөндеуге мамыр айында кіріскен мердігер мекеме Даңқ мемориалының негізгі жұмыстарын аяқтауға жақын.Жобалық — сметалық құжат бойынша нысан биыл тамыз айында тапсырылуы тиіс. Құрылыс барысын техникалық қадағалау мекемесінен бөлек, тапсырыс беруші аудан әкімдігіндегі жауапты мамандары бақылауға алған.
Дөненбай Есболғанов, Қазығұрт ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары: «Д. Қонаев көшесіндегі орталық саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында аяқ жолдар, суару жүйесі, жарықтандыру толығымен жаңаланады. Бұл мақсатта 48 млн. теңге бөлінді».
Демалыс аумағындағы барлық орындықтар жаңаланады
Шынар Оразова