324 шымкенттік дәрігер коронавирус жұқтырған

Осы күнге дейін Шымкенттегі 324 дәрігер коронавирус жұқтырған. Абырой болғанда, олардың арасында ажал құшқандары жоқ.

Басым бөлігі аурудан айығып, қайта жұмысын жалғастыруда. Ал, олардың 35-не президент уәде еткен үстемақы үлестірілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осы көлемдегі медицина мамандарының 4 айдан бері үйіне бармай жұмыс істеп жүргені мәлемденген еді.

Назерке Үкібасова