7 тонна есірткі тәркіледі

191

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 7 тонна есірткі және 6000-нан астам құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді тәркіледі

1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды «Халықаралық есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес күні» ретінде атап өтуді белгіледі. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және аудандық құрылымдардың қызметкерлерімен тұрақты түрде, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылдың 6 айға жуық уақыт ішінде тәртіп сақшыларымен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 232 есірткімен байланысты деректер анықталған, оның ішінде 121 есірткі қылмысы болса, ал 111-і теріс қылықтар және 11-і есірткі әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Есірткі қылмыстары бойынша 56 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан 7 тоннадан астам түрлі есірткі заттары және 6000-нан астам есірткі өсімдіктері /көкнәр, сора/ тәркіленді. Есірткі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 11 азамат жауапкершілікке тартылды.

Осы уақыт аралығында 28 есірткі сатушылар ұсталды. Мысалы, Сарыағаш ауданында жедел уәкілдер героинді сатқаны үшін 4 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олардың барлығы Түркістан облысының 45-58 жас шамасындағы тұрғындары. Күдіктілер бір жыл бойы есірткі, оның ішінде героин мен марихуана сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта олардың барлығы қамауда. Аталған жайт ҚР ҚК-нің екі бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: Олар 296-бап «Аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау» және 297-бап «Есірткі заттарын сату».
Одан бөлек, жыл басынан бері оқушылар мен студент жастар арасында есірткі қылмыстарының және нашақорлықтың алдын алу, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 23 іс-шара өткізіліп, оған 635 адам қатысқан.

Қазіргі таңда, әлемде орын алып жатқан «COVID-19» індетіне байланысты халықтардың шоғырланып жиналуына тыйым салынғаны белгілі. Осы тұста облыс жастарының есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында жұмыстар бәсеңдеместен, 15-29 маусым күндері аралығында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен байқау өткізілуде. Байқаудың қорытындысымен, жүлделі орындарға ие болған жастар бағалы сыйлықтар мен департаменттің грамоталарымен марапатталатын болады.

Негізінде есірткіге құмарлықтың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы. Сондай-ақ, есірткіге тәуелді адамдардың гигиеналық жағдайларының нашар болуы және иммундық жүйесінің әлсіздігі салдарынан туберкулезге шалдығу қаупі жоғары болады. Соңы өліммен аяқталуы да мүмкін. Сондықтан, естеріңізде болсын! Есірткі оны тұтынатын адамның өмірін жалмайтын ғасыр дерті.
Полиция.кз