Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

Сенбі, жексенбі күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысында аптап ыстық бәсеңдейді. Алайда, шаңды желдің екпіні күшейеді.
Әсия Қыдырбаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы: «Түркістан  облысында шаңды жел күшейеді, сек. 15-20 м ден 25 м/сек  дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +33-35 , таулы аймақтарда +27 градус жылы. Шымкентте сенбі күні түнде 18-20 градус жылы, күндіз +30-+32 , жексенбі күні  түнде  ауа температурасы 16-18 градус жылылықты көрсетеді.  7 маусымда күндіз шахарда  сынап бағанасы  +30-+32 градус болады».

Өңіріміздің оңтүстік аймағы  Отырар ауданындағы Қызылқұмда  4 – маусымда ауа температурасы +45 градусқа  дейін көтерлсе, бүгін, жұма күні +36 градусты көрсетуде.

Шынар Оразова