Ауғанстан азаматтары ұсталды. Жамбыл облысының шекарашылары елімізге заңсыз кірмек болған 12 Ауғанстан азаматын қолға түсірді. Бұл туралы ҰҚК өкілдері мәлімдеді.

Шеп қызметкерлері шетелдіктердің бұл әрекетін қырғыз-қазақ шекарасында ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен анықтаған. Ауғанстандықтар шекарадан жаяу жүріп өтпек болыпты. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақпал Рысбаева