Ауғанстандықтар елімізге рұқсатсыз кірмек болған

151

 

Ауғанстан азаматтары ұсталды. Жамбыл облысының шекарашылары елімізге заңсыз кірмек болған 12 Ауғанстан азаматын қолға түсірді. Бұл туралы ҰҚК өкілдері мәлімдеді.

Шеп қызметкерлері шетелдіктердің бұл әрекетін қырғыз-қазақ шекарасында ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен анықтаған. Ауғанстандықтар шекарадан жаяу жүріп өтпек болыпты. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақпал Рысбаева