Ақпан айынан бастап жер ананы «ему» үшін жетісайлық дихандар еңбек етуді бастап кетеді. Ең көп табыс әкелетінде осы бау- бақша дақылдары. Бағың бес елі болып бейнетің жанып жатса, 15 соттық жерденде байып кетуіңе болады.
«Алғашқы кезде үй іргелік 15 соттық жеріме қызанақ ектім. Сол жылы 1 коропкасын 2500 теңгеден саудалап қомақты табыс таптым. Басында бұндай пайда табамын деп еш ойламадым. Диханшылықтың нанын бір жеген соң отыра алмайды екенсің. Кейін уақыт өте келе үй іргеліктен егістік жерге диханшылық жасауға көштім. Қазір баялдының (баклажан) өзінен 5 миллион теңге көлемінде пайда таптым. Құдайға шүкір осы жердің арқасында тұрмыстық жағдайымды жасап, бала- шағамды оқытып отырмын. Ерінбей еңбек етсең жер ана жерге қаратпайды» дейді жетісайлық дихан Сапар.
Қосымша айта кететін болсақ, баклажанды көтерме бағада 1 келісі 270 теңгеден саудаланып келеді. Аталмыш бақша дақылы гектарына 25 тоннаға дейін өнім береді.