Бір күнде екі адам суға батып кетті

212

 

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір тәулік ішінде суға кеткен балаларды іздестіруге екі рет шықты. Бірінші шақыру «112» пультіне 2020 жылғы 4 маусымда 15 сағат 35 минутта келіп түсті.

Түркістан облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері Төлеби ауданы «Бірінші Май» елді мекеннің тұрғыны 2002 ж. т. Жігітті іздестіруге көмек сұрады. Жігіт «Ұзынбұлақ» су қоймасында белгісіз себептермен суға батып кетті. Оқиға орнына іздестіру-сүңгуір жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған 5 адамнан тұратын сүңгуірлердің жедел тобы шықты. Оқиға орнына 16:21-де келіп жеткен құтқарушылар су айдынының түбін зерттей бастады, денесі жағадан 7 метр қашықтықта табылып, судан шығарылды. Жедел медициналық көмек келгенге дейін құтқарушылар алғашқы көмек көрсетті, бірақ өкінішке орай олар нәтиже берген жоқ. Келген дәрігерлер жігіттің өлімін растады.

Екінші шақыру кешке 19.45-те түсті. Бұл жолы құтқарушылар суға кеткен 2003 жылы туылған жас жігітті іздестіруге шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша жігіт Түлкібас ауданы Ақбиік ауылдық округіндегі «Құлан» су қоймасында суға батып кеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар іздестіру жұмыстарына кірісті, ол оң нәтиже бермеді.

Тәуліктің қараңғы мезгілінің басталуына байланысты іздестіру жұмыстары келесі күні таңертеңге дейін тоқтатылды. Таңертен 5 маусымда сағат 06:29-да іздестіру-сүңгуір жұмыстарын жүргізу барысында сүңгуірлер 3 метр тереңдікте жағадан 35 метр қашықтықта денені тапты.

Құрметті азаматтар! Суға шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Сақ болыңыз, арнайы жабдықталған орындарда, жағажайларда, бассейндерде шомылуға болады; суға мас күйінде кірмеңіз, салқын суда 10-15 минуттан артық емес уақыт болу керек. Денені салқындатқанда құрысулар болуы мүмкін.