«Біркөлік» демалыс аймағында жасөспірім таудан құлап, мерт болды

622

 

2020 жылғы 15 маусымда сағат 22.48-де Түркістан облысы Төлеби ауданынан «Біркөлік» демалыс аймағындағы бір топ демалушылар тауға шығып, 3 адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Топта 10 адам болған (9 адам 2003 ж.т. оқушылар және 1 тәрбиеші), оның ішінде 7 адам өздігінен таудан түскен. Демалыс аймағы Түркістан облысы Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Біркөлік ауылында орналасқан.

Аталған мекенжай бойынша құтқарушылар сағат 23.00 шығып, жеткен бойы іздестіру жұмыстарына кірісті,  16:26-да келіп, іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде сағат 00:58-де жоғалғандардың бірін 2003 ж.т. жігіттің денесін тауып, таудан түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Алдын ала болжам бойынша түнгі уақытта ол абайсызда таудан құлаған. Қалған екі адаммен байланыс орнатылып, нұсқаулықтар берілді және бүгін 16 маусымда таңертен сағат 07.00-де іздестіру жұмыстары жалғастырылып, нәтижесінде құтқарушылар адасып кеткен екі адамды тауып, оларды аман-есен таудан түсірді.

Құрметті тауға шығып, демалушылар! Тауға шығар алдын, тағы да таудағы қауіпсіздік ережелерімен танысып өтіңіз. Тауға тәірибелі нұсқаушымен шығу керек, топтан ажырамай, қалып кетпеңіздер. Таулы аймақтарға серуенге шығар алдын, бұл туралы туыстарыңызға және құтқарушыларға алдын ала хабарлау қажет, өздерімен бірге зарядталған ұялы телефонды, жылы киімдерді, сондай-ақ аз болса да су мен азық-түліктің қорын алу қажет. Сонымен бірге қауіпсіз өзін ұстау қарапайым қағидаларын сақтау қажет.

Есте сақтаңыз, денсаулығының ақауы бар адамдарға — диабет, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы, тауға шығудың қажеті жоқ. Жоғары көтерілуі кезінде мұндай адамдар өздерін нашар сезінуі мүмкін. Бірақ тіпті сау адамдар да тауға шыққанда өзімен бірге алғашқы көмек көрсету қобдишасын алып жүру керек.