Биыл Шымкент қаласы аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық күшейту жұмыстарына 886,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
«Жыл соңына дейін құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- дейді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін ақтарушы Нұрлан Жаманкөз.
«Сонымен қатар, 158 көпқабатты түрғын үйлерге техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге 119,697 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігерлер де анықталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020″ бағдарламасы аясында жалпы 144 адам жұмыспен қамту көзделуде»,- дейді басқарма басшысы.
Шынар Оразова