Карантин режимі жеңілдетілгелі Шымкентте 7 кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатқан. Санитарлық талапқа бағынбағандар арасында қоғамдық тамақтану орындары мен халыққа қызмет көрсету орталықтары да бар. Осылай деген Әбдіманап Төлебаев мониторингтік жұмыстардың әлі де жалғаса беретінін айтады.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы: «Шымкентте карантин режимі жеңілдетілгелі 7 кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатты. Себебі олар санитарлық талапты сақтамаған. Және карантин режиміне бағынбаған. Олардың арасында дәмханалар мен халыққа қызмет көрсету орталықтары да бар».

Назерке Үкібасова