Кентаудағы зауыттың 55 жұмысшысынан COVID-19 анықталды

176

Қатерлі індет тағы бір зауыт жұмысшыларынан жаппай анықталды. Өткен аптада Кентаудағы трансформатор зауытының 200 қызметкері коронавирусқа сынама тапсырған. Тест нәтижесінде 55 маманның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Осыған байланысты еліміздегі белгілі зауыт бір аптаға жұмысын тоқтатпақ. Сол уақыт ішінде мекемеде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі дейді басқарма төрағасы.

Хайрулла Қожабаев, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы: «Мекемені бір аптаға залалсыздандыру үшін жабамыз. Одан кейін қызметкерлер жұмысына кіріседі. Бұл жалғыз бізде емес, әлемде болып жатқан құбылыс».

 Назерке Үкібасова