Шымкентте осы уақытқа дейін 217 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Алайда, бүгінге дейін олардың ешқайсысы уәде етілген 2 млн. теңгені қолына алмаған. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр осылай деп мәлімдеді.

Сөзінше, ақ халаттылардың барлығы да инфекцияны жұмыс барысында жұқтырмаған. Осыған байланысты тексеру жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр. Салдарынан алғашында уәде етілген 2 млн. теңге үстемақы әлі ешкімге табысталмапты.

Ербол Садыр, қала әкімінің бірінші орынбасары: «Бүгінге дейін қалада 217 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірақ, кейбіреулері тәжівирусты отбасынан, не жақындарынан жұқтырған. Яғни, науқас ақ халаттылардың барлығы бірдей инфекцияны жұмыс барысында жұқтырмаған. Сондықтан да 2 млн. теңге әлі ешкімге табысталмады. Кімнің қайдан жұқтырғаны тексерілу үстінде».

Назерке Үкібасова