Шымкентте коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен медициналық қызметкерлер марапатқа ие болды. Оларға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері табысталды.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Албаев Рустам Қуанышбекұлы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Нұрлыбаев Амангелдіні, аурухана орынбасары Ағабаев Мұратты және Құдияров Мейрамбекті “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төс белгісімен марапаттады.

Сондай-ақ “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төс белгісі № 3 қалалық емханасының бас дәрігері Омар Ақмарал, жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері Темірбеков Ғабидин және жедел жәрдем станция орталығының қызметкері Оспанова Шолпанға берілді.

Ал “Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін” төс белгісімен Бейсеуов Махамбет, Сейдалина Жібек, Оспанова Сара, Қаламқызы Гульнар, Миятбекқызы Райхан марапатталды.

Айта кетейік, Шымкен қаласында бүгінге дейін короновирус індетін жұқтырған 1277 адам тіркелген. Оның 554-і емделіп, үйлеріне жіберілді. Бұл әрине, дәрігерлердің кәсібилігі мен біліктілігінің нәтижесі. COVID-19-бен күресуге қала бойынша 2764 медицина маманы жұмылдырылған.