«Нұр-Сұлтандағы медициналық мекемелер жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатты», — деп хабарлайды астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында және өткір респираторлық вирусты инфекция, өкпе қабынуы бойынша жүгінгендердің қатары соңғы аптада артуына байланысты қосымша шаралар қолға алынған.
Қаладағы медициналық ұйымдардың базасында 400 орын ашылған. Онда коронавирус инфекциясына талдау және өкпесі тексерілуде. Егерде өткір респираторлық вирусты инфекцияның аса ауыр түрі және өкпе қабынуы анықталған бойда провизорлы станционарға жатқызылып, ем-дом тағайындалады.
Коронавирус анықталғанда жұқпалы аурулар стационарына жатқызылады. Жеңіл түріде ауырғандар үйлерінде емделеді.
Шынар Оразова