Назардан тыс қалмайды

155

Балаларды қорғау күні биыл онлайнда мерекеленді. Жыл сайын бұл күн ерекше тойланатын. Алайда індетке байланысты биыл көптеген іс шаралар онлайн форматқа ауыстырылды. Сондай шаралардың біріне қатысқан қала әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілерін онлайн құттықтады.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қымбатты балалар! 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Мемлекет тарапынан сіздерге қамқорлық көрсетіп, білім алу, жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту шараларын қарқынды жүзеге асыратын боламыз».

Шаһардың орталық көшелерде мерекелік құттықтау ретінде 48 баннер ілінген. Жазғы лагерь жұмысы да кейінге шегерілген. Карантин режимінен соң барлық жоспарланған шаралардың барлығы кестеге сай жүзеге асырылмақ. Жазғы уақытта балалардың демалысын реттеу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Ғалымжан Кенжебек